21
Вт,
мая

һижри

Сансызбай Құрбанұлы жамағатпен жүздесті

Сансызбай Құрбанұлы жамағатпен жүздесті (ФОТО)

Мешіт тынысы

20 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Нұр Астана» мешітінде тарауық намазына қатысып, жұртшылыққа уағыз айтты, деп хабарлайды ummet.kz сайты.

Уағыз-насихат ҚМДБ-ның жұмыс бағыттарының бірі болғандықтан, жылына бір келетін Рамазан айын ғанибет білген ел мешіттері осы айда уағыз-насихат жұмыстарын жандандырып, халыққа имани құндылықтарды түсіндіру ісіне барынша назар аударып отырады. Елорда мешіттері үшін қасиетті айдың маңызы тіптен бөлек. Тарауық намаздарында, ауызашар дастархандарында, арнайы сабақтар мен тақырыптық семинарларда белгіленген тақырыптар аясында уағыздар айтылып, насихат жұмысы тоқтаусыз жүгізіліп отырады.

«Нұр Астана» мешітінде де жылдағы үрдіс бойынша елімізге танымал ұстаздар мен білікті исламтанушы ғалымдар кезек-кезек тарауық намазын, тақырыптық уағыздар айтуда.

Осы игі шара аясында танымал исламтанушы ғалым, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы «Нұр Астана» мешітіне келіп, жамағатпен жүздесті. Кездесу барысында тарауық намазында оқылар «Мүминун», «Нұр» сүрелерінің қысқаша тәпсірі жайында тоқталып, «Мұсылмандардың сипаты» жайында тұщымды уағыз айтты.

Сонымен бірге, С. Құрбанұлы бүгінгі зайырлы қоғамдағы мұсылманның сипаты жайында да келелі ойларымен бөлісті.

1

1

1

1

1

1

Поделиться: