20
Пн,
мая

һижри

Қағбада жаңа көрсеткіштер орнатылды

Жаһан

Қасиетті Мекке қаласындағы Қағбаның жаңа жамылғысында қосымша көрсеткіш белгілер пайда болды.

 

Жолбағдарлар қажыларға Тауаптың басталу, аяқталу орнын анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа белгілер шам тәріздес формада, алтын жалатылған «Аллаху әкбар» жазуымен көркемделген. Осы белгілер арқылы қажылар Қағбаны айналып тауап ету санынан жаңылыспайтын болады.

Айта кету керек, бұл – қажыларға тауаптың басталу, аяқталуын анықтауға көмектесетін алғашқы белгілер емес. Бұған дейін де қара тасқа қоңыр түсті жолақ белгі қойылған болатын. Алайда, ол тауап кезінде кептелісті одан әрі көбейтуі себепті алынып тасталды.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: