20
Пн,
мая

һижри

Балалы отбасы ажыраса алмайды

Жаһан

Отбасында балалары бар ерлі-зайыптылар ажыраса алмайды. Ташкент қаласында осындай заң күшіне енді, деп хабарлайды «Озодлик» басылымы.

Бұл шешім Ташкент әкімі Рахменбек Усмановтың 13 қазан күні жасаған мәлімдемесінен кейін қабылданған. Шаһар басшысы өз сөзінде «Ташкент билігінің алғашқы міндеті – ажырасу фактілерін азайту» деп атап өтті.  

Басылым журналистерінің мәліметінше, Ташкент соты ажырасу туралы арыздарды қабылдайды, алайда, жыл соңына дейін некені бұзу туралы шешім шығарылмайды.

«Ерлі-зайыптылар арыздарын беріп, мемлекеттік салықты төлегеннен кейін, олармен Махаллин және әйелдер комитеті қызметкерлері жұмыс жүргізеді. Егер, отбасында балалары болса, әуелі жарты жыл, онан соң тағы үш ай соңғы шешім қабылдауға уақыт беріледі. Алайда, ажырасу туралы шешім қашан шығарылатынын айта алмайды» делінген басылым мәліметінде.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: