20
Пн,
мая

һижри

Исламға бет бұрған әртіске тілектестік білдірді

Жаһан

Интернет қолданушылары белгілі киноактриса Линдси Лоханның ислам дініне бет бұруына байланысты құттықтау тілектерін арнауда.

Әртіс өзінің Instagram парақшасындағы самсаған суреттерді өшіріп тастап, аккаунт жазбасына «Алейкум салам» деген дәстүрлі мұсылманша сәлем сөзін жариялаған. Желі қолданушылары осылайша әртіс исламға бет бұрған деген пікір түйе бастаған. Ал мұсылмандар тарапынан Линдси Лоханға ізгі тілектер тиегі ағытыла жөнелді. «Алла Тағала жолыңызды жеңіл қылсын!», «Сен өз жолыңды енді бастадың. Алла сені тура жолға бастасын» дейді әлеуметтік желідегі мұсылман қолданушылар.

Айта кету керек, әртіс бұған дейін ислам дініне деген қызығушылық көпшілікке бірнеше рет байқатқан болатын, алайда соңғы ахуалға қатысты ешбір пікір білдірмеді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: