20
Пн,
мая

һижри

Түркияда жерасты мешіті қалпына келтірілді

Жаһан

Түркия мұсылмандары 80 жыл бойы күткен ерекше мешітте құлшылық жасай алады.

Мешіттің айрықша болуы оның жер бетінен 7 метр тереңде, жерасты суымен қоңсылас орналасуында.

Ерекше құлшылық үйі Шахинбей қаласында Пиширичи Кастел деп аталатын жерасты алабында орналасқан. Ал оның құрылысы осыдан 730 жыл бұрын басталған көрінеді.

Қала мэрінің мәлімдеуінше, мұндай теңдессіз ғибадатхана ғимараты әлемде жоқ. Мешітті қайта жөндеу құрылысы 9 жыл бұрын басталған. Дегенмен, онда құлшылық ету мүмкіндігі енді беріліп отыр.

Пиширичи Кастел – жерасты су қоймасы бар сирек кездесетін орынның бірі. Өткен ғасырда бұл жер халыққа су тарату қызметін атқарған. Сонымен қатар, мұнда судың булануы мен ластануына қарсы жұмыс жүргізілген әрі рекреациялық аймақ ретінде қолданылып келген.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: