20
Пн,
мая

һижри

Ислам даму банкі 715 млн $ жобаны қаржыландырады

Жаһан

Ислам даму банкі (IDB) атқарушы директорлары кеңесінің Мәдина қаласында өткен 318-ші отырысында мүше-мемлекеттердегі жаңа жобаларды қаржыландыруға 747,7 миллион доллар қаражат бөлу туралы шешімді бекітті.

IDB тобы президенті, доктор Бандар Хаджар (Bandar Hajjar) төрағалығымен өткен жиында белгіленген қаражат, оның ішінде 328,5 миллион доллар Қазақстандағы «Атырау шекарасын қайта өңдеу» жобасына, 300 миллион доллар Өзбекстандағы «Ауыл халқына тұрғын үй құрылысы» жобасына және 86 миллион доллар Ливандағы «Триполи портын дамыту және кеңейту» жобасына бағытталады.

Кеңес мүшелері сондай-ақ, IDB топ президенті бекітуімен Оман сұлтанаты үшін 270 мың доллар техникалық көмек гранты ретінде бөлінетінін мәлімдеді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: