20
Пн,
мая

һижри

Қажылық өтеуші қырғыз әйелдері көбейді

Жаһан

Қырғыз республикасында әйелдер арасында қажылық парызын өтеуге ниеттілер қатары көбейіп келеді.

Жергілікті билік мәліметінше, қасиетті Мекке қаласында қажылық жасауға 35-60 жас аралығындағы әйел азаматшалар өтініш білдіреді екен. Биылдың өзінде Қырғыз мұсылмандары діни басқармасына қажылыққа 5 мың өтініш келіп түссе, оның тең жартысы әйелдердің үлесінде.

«Биыл қажылыққа түскен өтініштің шамамен 50%-ы әйел адамдардың үлесінде. Квотаны бөлу кезінде қажылық жасаушыларды жынысына қарап бөлмейміз. Теңдік сақтаймыз. Себебі, ислам дінінде қажылық құлшылығы ер мен әйел адамдарға ортақ міндет саналады» дейді Қырғыз мүфтиінің орынбасары Әкімжан Эргешов.

Сонымен қатар, қырғыз мүфтияты мәліметінше, қажылық жасаушының жас мөлшеріне де шектеу қойылмайды. Қажылыққа жасы 18-ге толған кез келген мұсылман өтініш бере алады. Бір ғана шарт – денсаулығының жарамды болуы.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: