20
Пн,
мая

һижри

Әмірлікте жоғары технологиялы, экологиялық мешіт ашылды

Жаһан

Біріккен араб әмірлігінде ашылған жаңа мешітте келуші халыққа барлық жағдай жасалған, заманауи жаңа технологиялармен жабдықталған.

«Ақылды» мешіт жобасы жетекшісі доктор Хашим әл-Рифамидің айтуынша, заманауи талаптарға сай ғимараттың салынуына Біріккен араб әмірлігінің 25 демеуші, қайырымдылық ұйымдары өз үлестерін қосқан.

Аталмыш мешітте дауыс ұлғайтқыш жүйесі имам өз мінберінде шыққан уақытта автоматты түрде қосылады, деп хабарлайды Gulf Today.

Мешітке бұрын қолданылған сулар арнайы өңделіп, дәретханаға қайта жіберіледі, ал ауладағы көгалды суландыруға жаңбыр суын өңдейтін жүйе орнатылған.

Сонымен қатар, электр қуаты арнайы күн тақтайшалары арқылы алынады, ал арнайы электронды сенсорлар мен таймерлер су мен тоқты ретсіз қолданбауға көмектеседі. Мұндай сенсорлар мен таймерлер дәрет алатын жерлерге көбірек орнатылған. Сондай-ақ, мешіттің кіреберіс есігі де автоматты түрде ашылып, жабылады.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: