20
Пн,
мая

һижри

Дубай «табыс әтірін» таныстырады

Жаһан

Дубай билігі парфюмерия саласында конкурс жариялады. Осы сала өкілдері «ЭКСПО-2020» көрмесінің символына айналатын ерекше әтір ұсынуы тиіс.

Конкурсқа халықаралық брендтер, сондай-ақ Парсы шығанағы елдерінің бұл бағыттағы өндірушілері қатыса алады. Жоспарға сәйкес, әтір кең ауқымды танылады, себебі ол ірі халықаралық көрме қатысушыларына ұсынылады. Аталмыш көрме 2020 жылдың қазан айы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында өтеді.

Айта кету керек, әтірсудан бөлек, ұйымдастырушылар 5 мың шамасындағы өнімдерге, оның ішінде бахур, эфир майы және тері күтіміне арналған өнімдерге тендер жариялады.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: