20
Пн,
мая

һижри

89 жастағы мұсылман дәрігер күніне 6 ота жасайды (ФОТО)

Жаһан

Қырғызстанның әлемге танымал хирург дәрігері Мамбет Мамакеев биыл 89 жасқа толды. Осындай жасына қарамастан мұсылман дәрігер күніне алты адамға ота жасайды екен.

Мамбет Мамакаевтың хирург болып жұмыс істеп жүргеніне 64 жыл толады. Дәрігер осы кезеңде тәулік бойы жұмыс істеуге әбден дағдыланғанын айтады.

«Егер жедел ота жасау қажет болса, хирург жұмыс уақыты біткеніне қарамайды, үйіне кетпейді. Біз адам өміріне араша түсеміз. Дәрігер аурудың дертінен емдеуге, ота жасауға жұмыстан кейін тағы да қалса немесе үйінен шақырту алса, заң бойынша оған қосымша үстемақы төленуі тиіс. Алайда, мен өмір бойына мәселенің бұл жағына назар аударған емеспін» дейді хирург қария.

Hir2

Hir3

Hir4

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: