20
Пн,
мая

һижри

БАӘ – Әлемнің қауіпсіз елі үштігінде

Жаһан

Әлемдік экономикалық форум мамандары ең қауіпсіз ел рейтингін жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

136 мемлекет енген тізімді Финляндия республикасы бастап тұр. Айта кетсек, Фин елі өткен жылы да қауіпсіз ел көшін бастаған. Екінші орынды сарапшылар Біріккен араб әмірлігіне берді. Үштікті Исландия тұйықтайды.

Қауіпсіз ел ондығында енген мемлекеттер қатарында Оман, Гонконг (ҚХР арнайы ауданы), Сингапур, Норвегия, Швейцария, Руанда мен Қатар бар. Ал өмір сүруге қауіпті ел тізіміне Колумбия (136 орын), Йемен (135 орын) және Сальвадор (134 орын) елдері кірген.

Бұл рейтинг әртүрлі факторлар, әсіресе, қарулы қақтығыста, қылмыс деңгейі мен террористік қауіп-қатер көрсеткіштерін қоса зерттеу нәтижесінде әзірленген.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: