20
Пн,
мая

һижри

200 жылдық тарихы бар Құран қолжазбасы табылды

Жаһан

Башқұртстан республикасында 200 жылдық тарихы бар Құран қолжазбасы табылды.

Қолжазба ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп келген. Оны дінге қатаң шектеу қойылған кеңестік кезеңде де көздің қарашығындай сақтаған екен. Тері мұқаба, жоғары сапалы қағаз, араб мәтіндері қолмен жазылған, бір бетте тамға – яғни Құран кітабын иеленген имамдар есімдері жазылған.

Мамандар болжамынша, ежелгі Құран қолжазбасы 1841 жылға тән. Кітаптың кейбір мәтіндері өшіп қалған, дегенмен кітап жақсы сақталған. Кітаптың сақталуына қарап, оны шаң-тозаң астында емес, үнемі қолданыста болғаны, оқылғаны аңғарылады.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: