20
Пн,
мая

һижри

Чех компаниясы Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетін танытты (ВИДЕО)

Жаһан

Yoni чех компаниясы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар қолданған  мисуактың заманауи үлгісін әзірледі.

Тіс пен қызыл иекті қорғауға арналған бұл мисуак Rawtoothbrush атауын алған. «Табиғат стоматологиялық гигиена талаптарына сай тамаша тіс тазалығышты жасап берді. Бұл өнім сіздің күнделікті өміріңізді өзгертеді» делінген жаңа тауарға арналған компанияның Facebook парақшасында.

Өндірушілердің пайымдауынша, Rawtoothbrush «тіс эмалын минералды заттармен толтырады», «тіс жегінің алдын алады» және «тісті ағартады».

Аталмыш компнаия адамзат тарихында тіс пен ауыз қуысын тазалау үшін араб елдерінде «арак ағашының тамыры бұтақтарын» қолданған, ал Африкада «лимон немесе апельсин» бұтақтары қолданылған.

Расында, мұсылман халқы ежелден тіс пен ауыз қуысын тазалау үшін мисуак пайдаланған. Шыбықтың бір ұшын шайнап, өсімдіктің емдік күші толған талшығын жұмсартады. Мұндай табиғи «шөткінің» артықшылығы – тіс пастасын, суды және арнайы жағдайларды қажет етпейді, оны әрдайым қалтада немесе косметика сөмкесінде алып жүруге болады.

Бұдан бөлек, мисуак биоірітілетін материалдардан әзірленеді, сондықтан, ол қоршаған ортаны ластамаймын деушілерге таптырмас құрал.

Misu

Мисуак кәдімгі тіс шөткесінен де тиімді деген пікір бар, алайда мисуакты қолданудың дәлелді себебі ретінде мұсылмандар мұны ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті деп білуінде, деп жазады About Islam.

«Егер мен үмметіме қиындық болады деп ойламасам, онда мисуакты әрбір намаз алдында пайдалануды айтқан болар едім» Хадис.

{youtube}hOPsYYkUDiw{/youtube}

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: