20
Пн,
мая

һижри

Мұсылман актер әлемнің 100 ықпалды тұлға тізіміне енді

Жаһан

Time журналының сараптамасына сәйкес, Риз Ахмед есімді мұсылман актер әлемнің 100 ықпалды тұлғасы тізіміне енді.

Тұлғалар тізімі бірнеше «Новатор», «Әртіс», «Лидеры», «Титан» и «Кумир» деген санаттар бойынша сарапталған. Риз Ахмед «Новатор» санатына енген.

Мұсылман актер Лондон қаласында британ-пәкістандық отбасыда дүниеге келген. Оның ата-анасы Ұлыбританияға 1970 жылдары Пәкістанның Карачи қаласынан қоныс аударған. Риздің туыс ағасы Шах Мұхамед Сүлеймен Уттар-Прадеш штатындағы тұңғыш үнділік судья атанған. Ол сонымен қатар, урду поэзиясына қызығады, салыстырмалық теория туралы сыни тұңғыш мақаланың авторы. Бұдан бөлек, Риз Ахмед Ұлы Моғолдар империясы дәуіріндегі белгілі ғалым-философтың бірі Мулла Махмұд Яунпуридің (1652 жылы қайтыс болған) ұрпағы.

Ал өз саласында Ахмед бірқатар «Гуантанамоға жол», «Төрт арыстан», «Стринген», «Жұлдыздар соғысы: Тарих» киноленталары, сондай-ақ, «Бір күні түнде» атты сериал арқылы танылды. Бірнеше рет Британ тәуелсіз киносы марапатына ұсынылған.

Айта кетсек, әлемнің ықпалды тұлғалар тізімінде АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғап, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Солтүстік Корей республикасы басшысы Ким Чен Ын, Филиппин президенті Родриго Дутерте, Рим Папасы Джеймс Коми, Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтстің жұбайы Мелинда және басқа да белгілі тұлғалар бар.

Тізімнің толық нұсқасы Time журналының ресми сайтында жарияланған.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: