20
Пн,
мая

һижри

Мұсылман өнертапқыш телефонды отпен қуаттау жолын тапты (ВИДЕО)

Жаһан

Айдар Хайруллин есімді уфалық мұсылман табиғат аясына жиі саяхат жасаушылар үшін қолайлы от қуаттағыш ойлап тапты.

Ол от алауынан жылу қуатын тоққа айналдырып, мобильді гаджеттерді қуаттайтын құрылғы жасады.

«Қуаттағыш пештің» от жалынынан бөлінетін жылуды электр қуатына айналдыратын генераторы бар. Тиісті мөлшерде қуат жиналған кезде құрылғыға USB-порт арқылы кез келген заманауи гаджетті: смартфон, планшет, ноутбукты қосуға болады.

Қазірдің өзінде Уфада тұратын мұсылман өнертапқышының бұл туындысына әлем елдерінен тапсырыстар түсуде. Аталмыш құрылғы Самара қаласында өткен жастар форумында ғылыми-техникалық конкурста бас жүлдеге ие болды.

{youtube}ga_89lf9Gjs{/youtube}

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: