20
Пн,
мая

һижри

Ғалымдар алкоголь қайдан бастау алғанын анықтады

Жаһан

Америкалық және қытайлық ғалымдардан құралған мамандар тобы ислам дініндегі үлкен күнәнің бірі – алкогольдің пайда болуына зерттеу жасады.

Ғалымдар Қытайдың Цзиаху көне ауылында жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде он алты түрлі балшық ыдыс қалдықтарын тапты. Жіті жүргізілген химиялық сараптамадан соң шамамен 9 мың жыл бұрын бұл ыдыстарда алкоголь өнімдері сақталғаны анықталды.

Зерттеу деректеріне сәйкес, алкогольді сусын жүзім, бал және күрішті ашыту арқылы жасалған, яғни, шарап әзірленген. Осыдан соң зерттеуші ғалымдар қоғам түсінігінде қалыптасқан алкогольді сусындарды Таяу Шығыс халқы өндірген деген тұжырымды теріске шығарды.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: