20
Пн,
мая

һижри

Токио вокзалында намазхана ашылады

Жаһан

Жапония астанасындағы темір жол вокзалында алдағы ай ішінде мұсылмандарға арнайы намазхана ашылады. JR Хигаси Нихон теміржол компаниясы осындай шешім қабылдады.

Жаңа құлшылық бөлмесінің ашылу салтанаты 5 маусымға жоспарланған. Оның ашылуына 2016 жылы басым бөлігі мұсылман дінін ұстанатын Оңтүстік Азия елдерінен келуші туристердің көп болуы түрткі болған.  Жапонияда өткен жылы мұсылман саяхатшыларының көрсеткіші 30%-ға артқан.

Сарапшылардың пайымдауынша, мұсылман туристер саны соңғы жылдары ұдайы өсіп келеді. Айта кету керек, қазіргі уақытта намазхана бөлмелері Токионың Ханэда және Нарита әуежайларында бар.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: