20
Пн,
мая

һижри

«Мүгедек» сөзі «батыр адам» терминіне ауысты

Жаһан

Біріккен араб әмірлігінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға енді "мүгедек" сөзі қолданылмайды.

Енді мемлекеттік мекемелерде, сауда орталықтарында, супермаркет желілерінде, қоғамдық көліктерде және басқа да қоғамдық орындарда "мүгедек" терминін "батыр адам" сөзі алмастырады.  

Мәселен, бұған дейін белгілі бір орындардағы "мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған" деген ескертпе тақтайшаларында "батыр адамдарға арналған" деп жазылатын болады.

Біріккен араб әмірлігінің вице-президенті, Дубай әмірі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мақтұм осындай шешім қабылдады.

Айта кету керек, әл-Мақтұмның бұл шешіміне әмірлік тұрғындары қызу қолдау білдірді. Жобаны жүзеге асыру туралы хабар жария болған бірнеше күннің ішінде Twitter желісінде «Батыр адамдар» парақшасы кең таралып кетті.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: