20
Пн,
мая

һижри

Бангладеште жүздеген мешіт ашылады

Жаһан

Бангладеш республикасында 560 мешіт ғимаратын тұрғызуға Сауд Арабиясынан миллиард долларға жуық қаражат бөлінеді.

Республиканың министрлер кабинеті премьер-министр Шейх Хасинмен бірге 560 мешіт құрылысы жобасын бекітті.

Корольдік тарапы бұл жобаны жүзеге асыру үшін 967 миллион долларға грант бөледі, қалған қаражатты Бангладеш бюджеті көтермек. Бангладеш үкіметі жанындағы Ислам ассоциациясы мешіт құрылыстарының жүргізілу барысын бақылайды.  

Аталмыш жоба әлемдегі мұсылман қауымы көп шоғырланған мемлекеттерде сүнниттік исламды насихаттау мақсатында қолға алынған, деп жазады Washington Times.

Айта кетсек, оңтүстіказиялық республикада 168 миллионнан аса адам тұрады, оның  88%-ға жуығы ислам дінін ұстанады. Бангладеш территориясы 144 000 шаршы шақырымды құрайды. Бұл ел әлем бойынша халқы көп мемлекеттер ондығына енеді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: