20
Пн,
мая

һижри

Құран самоа тіліне аударылды

Жаһан

Тынық мұхитындағы Самоа арал мемлекеті мұсылмандарының көшбасшысы елдегі исламофобия құбылыстарына тосқауыл қою үшін маңызды бастаманы қолға алды.

Мұсылман қауымының жетекшісі имам Мұхаммед бин Яхья  қасиетті Құран кітабын өз қолымен аударып шықты және Түркия елімен саоман тіліндегі аударма нұсқасын 200 данамен басып шығару туралы келісім жасады.

Жуық уақытта аударма нұсқалары Самоаға жеткізіледі және имам Мұхаммед жергілікті тұрғындардың ислам діні туралы оң көзқарасқа ойысатынына сенім білдіреді.

Қазіргі уақытта Самоа үкіметі мемлекетті ресми түрде христиандық деп тану үшін конституцияға өзгерістер енгізуде. «Бұл жағдайлар Құран Кәрімді жергілікті тілге аудару қажеттілігін көрсетті, мен адамдардың ислам дінінің шынайы мәнін түсінбесе оны дұрыс қабылдай алмайтынын түсіндім» дейді имам.

Құран Кәрімді самоа тіліне аударуға 3 жыл уақыт жұмсалған.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: