20
Пн,
мая

һижри

Рамазанда қала көшелерінде кептеліс болмайды

Жаһан

Египет астанасы Каирдың Жол полициясы Рамазан айында арнайы бригада құрды.

Бригада қала көшелерінде бұзылып қалған көліктерді жедел жөндеп, кептелістің алдын алумен айналысады. Ораза күндері көшедегі көлік кептелістері, әсіресе, кешкілік ауызашар уақытында, адамдардың үйге қайтуға асыққан сәтінде орын алады. Ал жолда көліктің бұзылуы көлік иесін ауызашардан кешіктіріп қана қоймай, көше бойын кептеліске алып келеді.

«Он төрт бригада құрылады. Олар жол полицейлері секілді, қызмет етуге құқылы, жол-көлік оқиғасын тіркейді, олар механик секілді, өту жолдарын, көлікті жөндеуді ұйымдастырады. Бригада барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмек» дейді Каир полициясы басқармасы.

Сонымен қатар, кептелісті болдырмай, тұрып қалған көлікті алып кетуге арнайы бірнеше эвакуаторлар кезекшілік жасайды.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: