20
Пн,
мая

һижри

Рамазан: Жұмысшыларға «ашық» мұздатқыштар қойылды

Жаһан

Дубай қаласында ораза ұстаушы жұмысшыларға көмек көрсету мақсатында «ашық тоңазытқыш» бағдарламасы іске қосылды.

Жоба аясында әркім осы тоңазытқыштарға ас-тағамдар әкеліп қоюына болады. Бұл бастама Дубай қаласындағы Рамазан айында жұмысшыларға жасалатын ерекше жағдайдың бірі саналады.  

Фикра Йел және Анар Эбрахим есімді екі мейірбан жанның бастамасымен іске қосылған Sharing Fridge бағдарламасын австралиялық Сумайшей Саид Facebook әлеуметтік желісінде көпшілікке жақынырақ таныстырды. «Ашық тоңазытқыш» идеясы адамдардың өз еркімен өзгелерге жақсылық жасауына мүмкіндік береді.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Дубай қаласында осындай 43 тоңазытқыш бар, олардың әрбірі күніне 150-ге жуық адамға қызмет көрсетеді. Игі жобаны жүзеге асыру үшін қайырымды адамдардың бірі тоңазытқыштарын берсе, енді бірі оны орналастыру орындарын қамтамасыз етуде, ал өзгелері сауда-саттық жасауға, азық-түлік алуға жәрдем жасайды.

Тоңазытқыштар жеміс-жидектер, су бөтелкелері, шырындар, құрмалар, құрғақ жемістер, тәтті тағамдармен толтырылады. Ұйымдастырушылар халықты өздері ұнататын тағамдарды осы игі іске қосуға шақырады.

Бастамашы топта әртүрлі тілде жазылған жұмысшыларға қолдау көрсететін арнаулы ұран плакаттары да бар.  Sharing Fridge кампаниясы акцияға атсалысқысы келетін адамдарға өздеріне жақын жерде орналасқан тоңазытқышты анықтайтын арнайы картаны да әзірлеген.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: