20
Пн,
мая

һижри

Германияда ерекше мешіт ашылды (ВИДЕО)

Жаһан

Германияның Кельн қаласында дінаралық бейбітшілік пен достық символы іспеттес заманауи мешіт ашылды.

Мешіт құрылысын бұған дейін шіркеу ғибадатханаларын салумен айналысқан сәулетші Пауль Бем жүргізген. Осман үлгісінде бой көтерген мешіттің шыны әйнек күмбезі және 55 метрлік екі мұнарасы бар. Кельн орталық мешітінің жалпы көлемі 4500 шаршы метрді құрайды. Мешітте бір мезетте 4 мыңға жуық адам құлшылық жасай алады.

Мешіт кешенінде сонымен қатар халал мейрамхана, кітапхана, музей және ислам мәдени орталығы бар.

Мешіт құрылысына 40 миллион долларға жуық қаражат жұмсалған. Қаржы Түркия Дін істері басқармасы тарапынан, сондай-ақ жалпы мұсылман жамағатының ортақ жиған ақшасынан жиылған.

{youtube}Vf1UkZfITuI{/youtube}

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: