20
Пн,
мая

һижри

Әл-Харам территориясына 2 мыңнан аса бейнекамера орнатылды

Жаһан

Мекке билігі әлемнің ең басты қасиетті мешітіне қажылыққа келуші мұсылмандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.

Қоғамдық қауіпсіздікті бақылау және басқару орталығы Қағба территориясы мен Мекке қаласының орталық ауданына 2200 бейнебақылау камерасын орнатты. Бейнеқұрылғыларды орнату Рамазан айының басында басталып кеткен. Бұл қасиетті айда Мекке қаласына келетін миллиондаған қажылардың қозғалуын ретке келтіру, кептелістер мен келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында жасалған қадам болып отыр.

«Қоғамдық қауіпсіздік орталығы штаб-пәтерінде тәулік бойына қажылардың қозғалысын бақылап отыратын арнайы команда жұмыс істейді. Олар алынған ақпараттарға сәйкес қауіпсіздік қызметкерлері әрекет жасайды. Камералар Қағба территориясында қажылар шоғырланған аймақтарды анықтауға көмектеседі және қауіп тудыратын жағдайларды алдын ала ескертеді» дейді орталық басшысы, полковник Тарек бин Ахмад әл-Гобан.

ummet.kz-ақпарат 

Поделиться: