20
Пн,
мая

һижри

Бішкекте Осман үлгісіндегі мешіт ашылды

Жаһан

Қырғыз астанасында Орта Азиядағы үлкен мешіттердің бірі бой көтерді. Мешіт құрылысы Түркия Діни қорының қолдауымен жүргізілген, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Бішкек қаласында үлкен мешіттің құрылысы аяқталды. Осман архитектурасы үлгісіндегі құлшылық үйінің құрылысы 2012 жылы басталған. Мешіттің жабық бөлігінің көлемі 7,5 мың шаршы метрді құрайды. Ішкі құлшылық залында 6 мың адам бір мезетте намаз оқи алады. Ал жалпы мешіт аумағы 20 мың адамға арналған.

Сонымен қатар, мешіт кешенінде 500 көлікке арналған тұрақ, Құран оқу курстарына арналған бөлмелер, конференц залы, асхана және су бұрқағы бар. Ғибадат үйі Анкара қаласы Коджатепе ауданындағы мешітке ұқсас салынған. Салтанатты ашылу рәсімі мешіт территориясындағы соңғы әрлеу, көркемдеу жұмыстарынан кейін өтеді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: