16
Вт,
дек

һижри

Жұмаққа есепсіз, сұрақсыз кіретіндер бола ма?

Жұмаққа есепсіз, сұрақсыз кіретіндер бола ма?

Ислам тарихы

Жұмаққа есепсіз, сұраусыз кіретіндердің бар екенін пайғамбарымыз мына сөздері арқылы білдіреді:

«Раббым маған үмбетімнен жетпіс мың адамды есеп сұрамастан және жазаға тартпастан жұмаққа кіргізуді уәде етті. Әр мың адаммен бірге жетпіс мың адам және Раббымның уысымен тағы үш уыс» (Тирмизи, Қиямет 13; Ибн Мажә, Зүхд 34).

«Үмбетімнен 70 мың адам махшарда есепке тартылмастан жұмаққа кіреді. Олар өздеріне таңба салдырмағандар, дуа, сиқыр жасамағандар, жалған ырымға сенбегендер және Раббыларына тәуекел еткендер» (Мүслим, Иман 371).

Есепсіз, сұрақсыз жұмаққа кірудегі мақсаттың исламда сиқырлау, таңба салу, жалған ырым болмағанын білдіру үшін осы хадистер айтылған. Жетпіс деген сан көп деген мағынаны білдіреді. Иман келтіргеннен кейін ширктен басқа қанша күнә істесе де кешіріліп-кешірілмеуі Алланың еркінде («Ниса» сүресі, 116-аят).

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Поделиться: