Даңғаза әуеннің кісінің мінез-құлқы мен психологиясына, тіпті ағзасына кері әсер ететіні белгілі. Бұл жайлы Американ ғалымы Дэвид Элкин қатты шыққан дауыс арқылы белокты қуырып жіберуге болатындығын дәлелдеді.
(Бір концертте дауыс зорайытқыштың алдына қойылған жұмыртқа үш сағаттан кейін қатты даң-дұңнан өліп, қуырылып кеткен көрінеді). «Ауыр метал» өсімдіктің өсуін тежейді, тіпті олардың солып қалуына да себеп. Рок тыңдатылған балықтың да көп өтпей жансыз күйінде су бетіне қалқып шыққаны байқалған. Бұдан адам да шет қалмайды. Зерттеулер жарты сағат дискотекада болған жеткіншектің сол күйі өз-өзін бақылаудан қалатындығын, гипнобель жағдайына жақын күйге түсетіндігін анықтаған. Жимми Хендрикс бірде былай деген екен: «Біз музыка арқылы адамдарға гипноз жасаймыз, оларды күйден-күйге құбылтып ең осал жерлерін анықтап аламыз. Ал содан соң оның миына не құям десең де еріктісің».
Гитлер де музыканы өз саясатында ұтымды пайдалануды көздеген. Ол «Басып алған жерлердегі халықтың санасын да бағындырғыңыз келсе, мәнсіз-мағынасыз музыканы күндіз-түні құлағынан кетірмей тыңдата беріңіз. Ол сонда саналы ойлаудан қалып, санасыз тобырға айналады» деген.
материал «Дін мен діл» кітабынан алынды,
ummet.kz