19
Пт,
дек

һижри

Құран Кәрімді дауыстап оқыған алғашқы кісі

Құран Кәрімді дауыстап оқыған алғашқы кісі

Ислам тарихы

Меккеде Расулалладан (с.а.с.) кейін Құран Кәрімді дауыстап оқыған алғашқы кісі Абдулла ибн Масғуд еді.

Бір күні Пайғамбарымыздың сахабалары жиналып:

– Құрайыштықтар дауыстап оқылған Құран Кәрімді тыңдағысы келмеді. Құранды оларға дауыстап оқып, тыңдататын кім бар? – деді. Абдулла ибн Масғуд:

– Мен бармын, – деді. Достары:

– Біз сен үшін құрайыштықтардан қорқамыз! Құрайыштықтарды қорғайтын тайпасы бар, басқа адам барсын, – деді. Абдулла ибн Масғуд:

– Сендер мені жіберіңдер, барып көрейін. Ұлы Жаратушы мені қорғайды.

Ертеңіне түс уақытына қарай Қағбаның жанына дейін барды. Құрайыштықтар жиналыс жасап жатқан кезде, Қағбада «Бисмилла» деп дауыстап «Рахман» сүресін оқиды. Құрайыш мүшріктері оған:

– Үммі Абдтың ұлы не деп жатыр? – деп сұрады.

– Мүмкін, ол Мұхаммедтің үйреткенін айтып жатқан шығар, – десті.

Орындарынан атып тұрып, Абдулла ибн Масғудты сабай бастады.

Абдулла ибн Масғуд сүрені дауыстап оқи берді. Бірақ достарының қасына барғанда бет-жүзі қан жоса болған еді. Достары:

– Біз осылай болатынын білген едік, – деді. Абдулла ибн Масғуд: – Олардан әлсіз әрі мүсәпір жағдайда тұрған ешкімді көрмедім! Қажет болса ертең тағы барып, Құран оқимын, – деді. Достары:

– Жоқ! Өздеріне ұнамайтын нәрсесін тыңдады. Саған осы да жетеді, – деді.

материал «Пейішке жетелер пейіл» кітабынан алынды,

ummet.kz


Поделиться: