05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Неге көзіңізге жас алдыңыз, Алланың Елшісі?!

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір топ сахабаларымен бір қабірдің басына тоқтайды. Ол кісі біреумен сөйлесіп тұрғандай басын қимылдатып, артынша жылап жібереді.

Ол (с.ғ.с) жаңылыспағанда сәһу сәждесін қалай үйренетін едік?

Убәй ибн Кағб Құранды ең жақсы оқитын сахаба еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған «Бір аятты ұмытсам есіме сал» деп айтып отыратын.

Пайғамбарларға не үшін мұғжиза берілген?

Алла Тағала жер бетіндегі барша құлдарына хақ елшілерге иман етуді бұйырып, көздерін ақиқатқа қанықтырса да, пенделер бұған сенбестік танытып, тіпті қарсыласып баққан, сондықтан Алла Тағала аса таңдаулы құлдарының дұрыстығын растау үшін пайғамбарлар арқылы мұғжиза көрсетті.

Бойымыздан табылмайтын Пайғамбардың (с.ғ.с) алты сипаты

Ол кісіде (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) күнделікті орындалған жағдайлар өмір бақиға өнеге болатындай жасалған. Бізден кейін келетін ұрапаққа да осылай өнеге қалдырып кетуімізге үлкен мүмкіндік сылайтын осы теңдесіз тұлғаның іс әрекетін жасау ғана.

Ең тамаша ахлақ үлгісі – Хазірет Мұхаммед (с.ғ.с)

Мәдениетті болу мен көркем мінезді болу арасында жақынырақ байланыс бар. Мәдениет ұғымын жете түсініп, мәдениетті болудың алғашқы шарты кісінің көркем мінезге ұмтылуы және жағымсыз қылықтардан бойын аулақ ұстауында жатыр. Көркем мінезге ие адам ғана мәдениетті бола алады. Сәйкесінше, мінезі нашар пенде мәдениетсіз ретінде саналады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ізінен жаңылмағандар қандай бақытты...

Алланың ең сүйікті құлы, соңғы әрі ең ұлы пайғамбар – Хазірет Мұхаммед (с.а.у.) дүниеге бақыт ала келді. Құрғақ жер сумен қалай жанданса, Алла Тағала пайғамбарымыз арқылы дүниеге солай жаңа жан салды. Исламның арқасында жалған сенімдер жойылды. Надандықтың орынын ілім, зұлымдықтың орнын адамға деген сүйіспеншілік басты.

Пайғамбар (с.ғ.с.) Құранның қанша аятын тәпсірлеген?

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Құранның қанша аятына түсіндірме жасағаны туралы әртүрлі көзқарас бар. «Құранның барлық аяттарын немесе басым көпшілігін түсіндірген» деушілермен қатар «Тәпсірлеген аяттары аз» дегендер де болған.

Пайғамбар (с.ғ.с) сирасын оқудың пайдалары

Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сирасын (өмір жолы) білудің мұсылман үшін мәні мен маңызы зор. Сираны оқыған адам Пайғамбарды танып, мынадай көптеген пайдалар алады:

Бізге «Хауыздың басында кездесеміз» деген сөзіңіз демеу

Усайд ибн Худайр өте ақылды, зерек адам еді. Адамдармен сөйлескенде әзілдеп, езулеріне күлкі үйіртіп отырғанды жақсы көретін.