05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с.) әлемге рақым болып келуінің хикметі

Он сегіз мың ғаламның Сардары – дүниеге адамзат пен жын қауымына Алланы таныту үшін әрі жа- ратылыс атаулыға рақымдылық жаршысы. Құран аяты бұл сырды паш етіп: «Біз сені әлемге рақым етіп қана жібердік» («Әнбия» сүресі, 107) дейді.

Салауат – періштелермен достыққа алып келетін ғибадат

Мен пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтуды қайғыны кетіріп, уайымды сейілтетін, мұқтаждықты өтейтін ғылыми ақиқат деп санаймын.

Алла елшісін (с.ғ.с.) көре тұра кітап иелері неліктен иман етпеді?

Қияметке дейін адамзат баласына ұстаздық қылатын ақиық Елшінің (с.а.с.) өнегелі ғұмырын танып-біле тұра, «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» дегендей, кейбір топтың иман етпеулерінің сыры тәкаппарлық пен қызғанышта, бәсекелестікте жатыр.

Пайғамбардың (с.ғ.с) адамдармен әзілдесу әдебі

Мүминнің әзіл айта білуі, жалпақ жұртқа қуаныш сыйлай алуы жақсы қасиет, бірақ жұртты күлдіру бір бөлек те, күлкі болу мүлде бөлек. Оның үстіне айтқан әзіліңіз даңғойлыққа, арсыз күлкіге негізделмей, орынды, ойлы қалжың болғаны дұрыс.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бала кезінде көкірегінің жарылу оқиғасы

Пайғамбарымыз емшектес бауыры Абдулламен және Сағдұлдарының балаларымен бірге қозыларды өріске шығарып, үйдің арт жағында ойнап жүрген болатын.