21
Вт,
мая

һижри

Көркем мінез иесі – үмметке үлгі (ФОТО)

Мешіт тынысы

Өткен жыл қазақ елі үшін, ел руханияты үшін көпке үлгі болар жемісті жетістіктерімен есте қалды. Иә, өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Жыл аяғына тұпа-тұс келген Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә салләм) туылған айы жаңа жылмен де жалғасын табуда.

 Жыл басы қасиетті жұмамен басталды. Дәл осы күні «Нұр Астана» орталық мешітінің бастамасымен жұма намазына жиылған жамағатқа «Үмметіне үлгі болған пайғамбар. Ол қандай жан еді?!» атты екі мың дана бүктеме парақшалары үлестірілді.

Адамзаттың ардақты тұлғасы, сүйікті пайғамбарымыздың өмір жолымен етене танысып, өн бойындағы маржандай көркем мінез-құлқынан, өнегелі өмірінен үлгі алып, бойға сіңіру – иісі мұсылман үмметіне міндет. Осынау ізгі мақсатта шығарылған парақшаға Мұхаммед пайғамбарымыздың бойындағы көркем мінездері жинақталып, астаналық жұртшылықтың назарына ұсынылды.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться: