21
Вт,
мая

һижри

«Әс-Сәламда» мәуліт өтті салауатпен (ФОТО)

Мешіт тынысы

Иісі мұсылман қауымының ардақты елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туылған айына орай елорда іргесіндегі «Теміржолшылар» кентінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітінде мәуліт мерекесі өтті.

 Бесін намазына жиылған жамағатқа арнайы дастархан жайылды. Дастархан басында Алла елшісіне (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, Оның дүниеге келген ғажап сәттер, балалық және жастық шағындағы ерекшеліктерін, пайғамбарлық міндетіне дейінгі өнегелі өмір жолы, тұлғалық қадір-қасиеті, мінез-құлқы мен басқа қасиеттерін арқау еткен мәуліт жыры оқылды.

Ғибратты кеште «Нұр Астана» орталық мешіті мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамдары тұщымды уағыз айтып, күллі жамағатқа рухани нәр сыйлады. Түркия елшілігінен мәуліт мерекесіне арнайы келген Ибраһим Йылмаз қазақ халқына шексіз ризашылығын білдіріп, осындай игі істердің жалғасты болуына тілектестігін жеткізді.

Шара соңында дін өкілдері еліміздің амандығы мен халқымыздың ынтымақ-бірлігі үшін дұға жасады. Осынау ізгі жиынға куә болған қонақтар мешіт ұжымына алғыстарын айтып тарқасты.

«Нұр-Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться: