20
Пн,
мая

һижри

Такси жүргізушісі 500 мың долларды қайтарып берді

Жаһан

Біріккен араб әмірлігі Шарджа штатында такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін пәкістандық Насрелла Шер көлікте 1,7 миллион дирхам (500 мың АҚШ доллары) ақша салынған сөмкені ұмыт қалдырған иесіне толығымен қайтарып берді, деп жазады The National басылымы.

Насрелла көліктегі бөтен сөмкені Шаржы әуежайынан оңтүстіккореялық кәсіпкерді Дубайға жеткізіп салғаннан кейін байқаған. Артынша дереу полицияға хабарлап, иесін табуға жол іздейді.

«Мен бұл әрекетіме еш өкінбеймін. Себебі, мен өз міндетімді атқардым. Шын мұсылман әрқашан адал болуы керек және ізгі амал жасауы керек» дейді Насрелла Шер Дола.

Ал адамгершіліктен айнымаған такси жүргізушісі Шаржы Көлік және жол басқармасы тарапынан арнайы алғыс хатымен және 3 мың дирхам қаржылай сыйақымен марапатталды. Бұл қаражаттың 1 мың дирхамын такси жолаушысы, 2 мыңын басқарма тағайындаған.

Еске сала кетсек, өткен жылы әмірлікте такси жүргізуші ирандық азамат та көлікте қалған 13 мың долларды иесіне қайтарып берген болатын.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: