20
Пн,
мая

һижри

Моңғолия мұсылмандарына 4 мың Құран кітабы таратылды

Жаһан

Моңғол астанасы Ұлан-Батор қаласындағы екі мешітке араб және қазақ тілінде (аудармасы) 4 мыңнан аса Құран кітабы таратылды. Кітаптар сондай-ақ мұсылман жоғары оқу орны студенттеріне де үлестірілді.

Игі шара Түркия Уақф ұйымы мен Моңғолия Дін істері басқармасының бірлесуімен іске асты.

Түркия Уақф ұйымы басшысының орынбасары Абдул Рахман Четиннің айтуынша, Моңғолиядағы діни азшылық қауымды құрайтын мұсылман қазақтарға Құран кітаптары, әсіресе, қазақ тіліндегі аударма нұсқалары тапшы болып келгенін жеткізді. Ол бұл шара акцияның бір бөлігі екенін, алдағы уақытта әлемдің 135 еліне Құран көшірмелері мен аудармаларын тегін таратылатынын айтты. «Жоспарға сәйкес, бүгінгі күнге дейін әртүрлі тілдерде Құранның 400 мың данасы таратылды» деді Четин.

Сонымен қатар, Құран кітабы моңғол тілінде де әзірленуде. Ұлан-Батор мешітінің имамы Халил Тутул Құран кітабын арабшадан моңғол тіліне аудару ісі өткен жылы басталғанын жеткізді. «Сол уақыттан бері қасиетті кітаптың 15 жүзі (тарауы) аударылды. Аударма келесі жылға дейін аяқталады» деді имам.

Айта кетсек, Моңғолияда ислам дінін жалпы халықтың 7%-ы ұстанады. Негізінен, елдің батыс аймағын мекендейтін этникалық қазақтар осы дінге мойынсұнады.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: