20
Пн,
мая

һижри

Өзбекстан мүфтиі: Басты міндет – дәстүрлі исламды насихаттау

Жаһан

Өзбекстан бас мүфтиі Усмонхон Алимов республиканың және барша мұсылман әлемнің бүгінгі күндегі басты міндеті дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау болып табылатынын мәлімдеді.

«Әлемдік ислам ғалымдары қабылдаған көпғасырлық ханафи мәзһабын ұстану қажеттілігіне таяуда өткен Ғалымдар кеңесінде баса назар аударылды. Қазіргі кезде, әсіресе, халықты діни сауаттандыру, дәстүрлі діни басылымдарды көбейту маңызды іс» деді У.Алимов Ташкент қаласында өткен конфессияаралық диалог және діни төзімділік мәселелері жөніндегі ғылыми-конференция мінберінде.

«VIII ғасырда Өзбекстан территориясында жергілікті этникалық, ұлттық құндылықтармен үйлесім тапқа ислам діні кең таралды. Уақыт өте ол өз ілімінде төзімділігімен белгілі болған Ханафи мәзһабы ретінде қалыптасты» деп атап өтті Өзбекстан мүфтиі.

Еске сала кетсек, өткен жаз маусымында Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы «Мұсылман әлемі ғалымдары мәлімдемесі» атты жинақ шығарды. Аталмыш кітапта белгілі ислам ғалымдарының ДАИШ террористік ұйымына қарсы мәлімдемелері мен пәтуалары жинақталды.

Поделиться: