20
Пн,
мая

һижри

АҚШ саяси қызметіне мұсылман қызы тағайындалды

Жаһан

Миннесот штаты өкілдер палатасындағы жауапты қызметке 33 жасар америкалық-сомалилік Ильхан Умар есімді мұсылман қызы тағайындалды.

Ол жаңа қызметіне келесі жылдың 3 қаңтарынан кіріседі.

Ильхан Омардың сайлануы оның жеке жетістігі ғана емес, исламофобия мен мұсылмандарға қысымгершілік әрекеттеріне қарсы жеңіске айналды.

Осыдан екі жыл бұрын депутаттың көмекшісі қызметінде жүрген Ильханға бәсекелес кандидат кампаниясы тарапынан шабуыл жасалған болатын.

Ильхан Омар анасынан ерте жетім қалған. 1997 жылы оның отбасы АҚШ-қа қоныс аударды. Атасы саяси ұйым жұмыстарына белсене араласқан. Ильхан осы кезден саясат жолындағы алғашқы тәжірибелерін алды.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: