20
Пн,
мая

һижри

Беларусь президенті Құранды құрметтеу себебін айтты

Жаһан

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск орталық мешітінің ашылу салтанатында Құран Кәрімді неліктен сүйгенін түсіндірді.

Президенттің айтуынша, бұл – діни конфессияларға көрсетілген ізет-құрмет. «Менің осы әрекетім үшін сыртымнан сынап, айыптап жатқандар да бар екен. Біз Түркия президенті Тайып Ердоған екеуміз жаңа мешіттің ашылу рәсімінде болдық. Ол Құранды сүйді. Мен не істеуім керек? Мен де сүйдім. Мен – Беларусь президентімін. Менің елімде мыңдаған мұсылман өмір сүреді. Мен олар үшін де осы елдің басшысымын» деп атап өтті Лукашенко баспасөз конференциясы барысында. Ол сондай-ақ, республикада діни конфессия өкілдері арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын, ал азаматтардың құқықтары ел заңнамасы алдында бірдей екенін жеткізді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: