20
Пн,
мая

һижри

Австралия босқындарға 160 млн $ бөледі

Жаһан

Австралия үкіметі сириялық босқындарға гуманитарлық көмекке 160 миллион доллар қаражат бөледі. Бұл туралы республиканың премьер-министрі Малкольм Тернбулл мәлімдеді.

Гуманитарлық көмек көлемін ұлғайту мәселесі Австралияға Иордания королі Абдалланың II іссапары кезінде шешілген. Король Сириядан Иорданияға 2,5 миллион босқын көшіп келгенін хабарлады. Осылайша қазіргі уақытта Иорданияның әр бесінші тұрғыны сириялық болып отыр.

Айта кету керек, 2011 жылдан бері Австралия Сирияға гуманитарлық көмекке 213 миллион доллар жұмсаған.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: