20
Пн,
мая

һижри

Сауалнама: араб жастарын қандай мәселелер ойландырады?

Жаһан

ASDA'A Burson-Marsteller халықаралық сараптама агенттігі жыл сайынғы араб жастары арасындағы сауалнама нәтижесін жариялады.

Мамандар араб жастарының қоғамдағы 27 өзекті мәселелер жайында пікірін білді. Араб жастары ең алдымен ДАИШ террористік ұйымынан төнетін қауіп-қатерге алаңдаушылық танытқан. Респонденттердің 77%-ы осындай пікір айтқан. Ал ғаламдық климаттың жылынуы зерттеу нәтижесінің ең төменгі көрсеткішіне ие. Бұл жастарды алаңдатқан мәселелердің 26-шы орнына тұрақтаған.

Зерттеуге сәйкес, араб жастарын алаңдатқан мәселелер олардың орналасу, өмір сүру орталарына тікелей байланысты болып келеді. Мәселен, парсы шығанағындағы бақуатты мемлекеттердің жастары қоршаған орта мәселелеріне аса алаңдаушылық білдірмейді. Ал қаржылық қыспаққа ұшырап келе жатқан Солтүстік Африка елдеріндегі жастарының басым бөлігін (65%) қоғамда орын алған жағдайлар көбірек толғандырады. Марокко жастарының 70%-ы бұл мәселелерге бей-жай қарамайды.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: