20
Пн,
мая

һижри

Санкт-Петербургте мұқтаждарға арналған тоңазытқыш пайда болды

Жаһан

Санкт-Петербург қаласында ашқұрсақ адамдарды тамақтандырудың ерекше әдісі пайда болды.

Қала көшелерінде қоғамдық тоңазытқыштар орнатылып, онда кез келген ізгі ниетті адам азық-түлік өнімдерін қалдырады. Ал осыған мұқтаж жандар бұл ас-тағамдарды тегін пайдалануына болады.

Қайырымдылық жобасына қала тұрғындары бей-жай қарамады. Көптеген петерборлықтар үйлерінен азық-түлік әкеліп, тоңазытқыш сөрелерін толтырды.

Акцияны ұйымдастырушылар мұндай жоба бүкіл Ресейге керек екенін айтады. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта әлем бойынша әрбір үшінші азық өнімі қоқыс жәшігіне тасталады екен.

Айта кетейік, қоғамдық орындарда осындай тоңазытқыш орнатып, мұқтаждарға қол созу бұған дейін Дубай мен Үндістан қаласында да ұйымдастырылған болатын.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: