20
Пн,
мая

һижри

Ешбір сән-салтанатсыз ерекше әдемі мешіт (ФОТО)

Жаһан

Сіз ешбір сән-салтанатсыз, алайда ерекше әдемі мешіт көрдіңіз бе? Егер, көрмеген болсаңыз, назарларыңызға Жаратушының ғажап үйін көрсетуге асықпыз.

Біз айтқалы отырған мешіт Эфиопияның Асаийт қаласында орналасқан. Бізді бүгінде миллиондарға салынған алып мешіттер таңдандыра алмайды. Себебі, мұндай заманауи үлгідегі мешіттерді көргенде адамдардың ғимарат әсемдігімен жарысқа түскендей әсер тууы мүмкін.

Ал бұл қарапайым мешітті адамдар Жаратушыға тек құлшылық ету үшін ғана тұрғызғанын байқайсыз. Мұнда мәрмәр қабырғалар мен алып шынылы аспалы шамдар жоқ. Егер, мұқият назар салып қарасаңыз, бұл мешіттің мұнарасында кіші-гірім айшық белгісі де бар. Ал аталмыш құлшылық үйінің қонақтары негізінен осы маңнан өтетін көшпелілер.

Расымен, көрген жанды тәнті етеді емес пе?

Ademimeshit2

Ademimeshit3

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: