20
Пн,
мая

һижри

Британ мұсылманы Hijab Challenge жобасын іске қосты (ВИДЕО)

Жаһан

Ұлыбритания мұсылманы Нилли Далия Hijab Challenge деген атаумен ерекше акцияны іске қосты.

Жаңа жоба аясында ол барлық әйелдерге қала көшелерімен мұсылманша киімде 1 шақырым жүруді ұсынады. Ниллидің айтуынша, бұл мұсылман қыз-келіншектерінің қоғамдағы орны мен ол сезінетін жағдайларды бір сәт сезініп көруге мүмкіндік береді.

«Сіз осы кезде түсінесіз, ешбір дәйексіз сөздер мен пікірлердің сіздің тарапқа айтылып, тіптен, исламофобиялық іс-әрекеттердің орын алатынын көресіз» дейді Далия. Нилли Далия өз бастамасы арқылы барша адамдарды сабырлы және салмақты болуға шақырды. «Біреулер қысқа етек киеді, біреу қызғылт түсті киімді ұнатады, ал енді бірі үнемі қалпақ киіп жүреді. Менің киетінім – жай ғана басыма ораған матаның бір бөлігі ғана. Орамалдың ішіне үңіліңіз – сонда тұлғаның шын бейнесін көресіз. Сырттан тон пішкен жөн емес» деп атап өтті Н.Далия.

{youtube}o-paJ39gFUM {/youtube}

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: