20
Пн,
мая

һижри

Алжирде әлемнің үшінші үлкен мешіті ашылады (ВИДЕО)

Жаһан

Мекке мен Мәдина қаласындағы қасиетті мешіттерден кейінгі әлемдегі ең үлкен үшінші мешіт 2017 жылдың соңында ашылады.

Мешіт архитектурасы мен құрылысын Қытай сәулетшілері жүргізеді, жаңа сәулет туындысы «Алжир мен Қытай арасындағы достық символы» деп бағаланады.

«Мешіт ғимараты мың жылға жуық уақытқа шыдас беретін стандартқа сәйкес жобаланды» дейді Алжирдегі CSCEC бас директоры Чжоу Шэн.

«Мешіт тек мінәжат орны ғана емес, сонымен қатар сенім мен мәдениеттерді байланыстырушы рухани орталық болады. Мұнда заманауи кітапхана, 300 студентке арналған медресе және қайырымдылық қоры қамтылады» дейді құрылысқа жауапты өкіл Ахмед Мадани.

Алланың жердегі үшінші үлкен үйі құрылысын назарларыңызға ұсынамыз.

{youtube}V3kXGmqAqMs{/youtube}

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: