20
Пн,
мая

һижри

Мұсылман туризмі бойынша рейтинг жарияланды

Жаһан

Белгілі Mastercard-Crescentrating сараптамалық агенттігі Global Muslim Travel Index кезекті рейтингін жариялады.

Мұсылман туристерінің көп шоғырлануы бойынша құрылған рейтингке Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше 130 ел енген. Тізімді Малайзия елі бастайды, екінші орында – БАӘ.

Зерттеуге сәйкес, 2016 жылы әлем бойынша  121 миллион мұсылман турист тіркелген. Бұл әлем туристерінің 10%-ын құрайды. Айта кету керек, соңғы жылдары мұсылман емес елдер туризм нарығына мұсылман туристерін көптеп тарту үшін қызмет сапасын арттыра түскен. 2016 жылы мұсылман туристерінің саны бойынша Сингапур алғашқы орынға шыққан. Алғашқы бестікке Таилданд, Ұлыбритания, ОАР және Гонконг енген.

ummet.kz-ақпарат 

Поделиться: