20
Пн,
мая

һижри

Әйелдерге арналған хауыз ашылды

Жаһан

Австралияның Сидней қаласында Belgravia Leisure атты хауыз ашылды. Онда тек қана қыз-келіншектерге арналып жағдай жасалған.

Нәзік жандылар хауызы арнайы перделермен қамтамасыз етілген, олар мұнда еркін жүзу, жаттығу жұмыстарын жүргізе алады. Хауыз мекемесінде кестеге сәйкес әйелдер сағатында перделер толықтай жабылады. Хауызды тұрғызған компания өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмыстары жүрмес бұрын сарапшылар жіті зерттеу жүргізіп, нәтижесінде тұтынушылардың белгілі бір топтарына ерекше жағдай жасалуы керек деген тұжырымға келген.

«Бала кезде мен хауызға жиі барып тұрдым. Енді осындай қолайлы хауыз ашылғанда, мен бұл сабақты қайтадан қолға алдым. Таяу уақытта мұнда келуші әйел азаматтар көбейетініне сенімдімін» дейді сиднейлік Юсра Митвалла.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: