20
Пн,
мая

һижри

Абу-Дабиде белгісіз жануар қалдықтары табылды

Жаһан

Біріккен араб әмірлігі археологтары Абу-Даби қаласында бүгінгі ғылымда аты беймәлім ежелгі дәуір жануарының қалдықтарын кезіктірді.

Алдын ала хабарға сәйкес, бұл ғылыми жаңалықты осыдан 10 жыл бұрын белгілі ғалым, доктор Марк Бич тапқан екен, алайда оны анықтау енді мүмкін болған секілді.

Зерттеушілердің пайымынша, бұл жануар түрі «Archaepotamus Qeshta» деп аталады, араб тілінен аудармасы «Ежелгі өзен сиыры».

«Қазір Абу-Дабиде бес археологиялық жоба жүзеге асырылуда. Біздегі деректер бойынша, мыңдаған жыл бұрын әмірлік территориясында мүлде басқа табиғат болған: өзен жүйесі қатты дамыған, өсімдіктер көп өскен, сондай-ақ, әртүрлі жануар түрлері өте көп болған» делінген Абу-Даби Туризм департаменті мәлімдемесінде.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: