20
Пн,
мая

һижри

Үндістан мұсылмандары қажылыққа кемемен барады

Жаһан

Үндістанда 22 жылғы үзілістен кейін Сауд Арабиясына мұсылмандардың қажылық жасауы үшін тарихи теңіз бағыты қайта іске қосылады.

2018 жылдан бастап Мумбаи, Калькутта және Кочи қалаларынан мұсылмандар Жидда қаласына барлық жағдайлары жасалған теңіз кемелері арқылы сапарлай алады. Әр су кемесіне 5 000 қажы сыяды және Сауд Арабиясына 2-3 күнде жетеді.

Үндістан үкіметінің бағалауынша, теңіз бағытының іске қосылуы ел қажылары үшін қажылық құнын 50%-дан аса қысқартады.

Еске сала кетсек, теңіз арқылы қажылық сапарына шығу 1995 жылға дейін жүргізіліп келген. Мемлекеттік теңіз көлік компаниясының ескіруімен бұл бағыт істен шыққан. Осыдан соң үндістандық мұсылмандар әуе арқылы ғана қажылыққа баруға тура келді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: