20
Пн,
мая

һижри

Қырғызстанда Рамазан айында тегін қоғамдық көлік пайда болды

Жаһан

Қырғызстанның Ош қаласында Рамазан айының құрметіне күн сайын №107 бағытында екі шағын автобус жолаушыларды тегін тасымалдайды.

№107 бағытында жалпы 60 автобус бар. Әр күн сайын осы көліктердің екеуі тегін қызмет көрсететін болады. Осылайша ораза айында әр жүргізуші бір рет болса да халыққа тегін қызмет жасау мүмкіндігіне ие болады.

Игі іске қоғамдық көлік бригадирі Матраим Асанов бастамашы болған. Өзге жүргізушілер оған қолдау білдірген.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: