20
Пн,
мая

һижри

Мәскеу мешітінде Құран бағдарламасы іске қосылды

Жаһан

Мәскеу орталық мешітінде қасиетті Рамазан айында Құран бағдарламасы іске қосылады.

«Рамазан – Құран айы» бағдарламасы ораза айында толық өткізіледі. Оның аясында қасиетті Құран аяттарын кез келген ізгі ниетті жан тыңдай алады. Акция күн сайын бесін намазына дейін, сондай-ақ, ауызашар алдында жүргізіледі. Қатысушылар Құран оқушылардың шеберлігіне тәнті болып қана қоймай, өздері де Құран оқуды үйренуіне, Құран сырларына ұғынуға мүмкіндіктері бар.

Биыл Мәскеу мешітінде Құран бағдарламасы Түркия мен Йеменнен келген қарилардың орындауында өтеді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: