20
Пн,
мая

һижри

Қырғыз мүфтиі АҚШ-та католик шіркеуінде азан шақырды (ВИДЕО)

Жаһан

Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Мақсат қажы Тоқтамысов АҚШ-қа сапары кезінде католиктер шіркеуінде азан шақырды.

Айыр қалпақты ағайындардың бас мүфтиі сәур айының бас кезінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің шақыртуымен діни тәжірибе алмасу және диалог орнату жөніндегі шара аясында болып қайтқан екен. Алайда, оның Атлант мұхитының ар жағындағы алып елдің католиктер шіркеуінде азан шақырып қайтқаны енді белгілі болып отыр.

Оның шіркеу қызметкерлерімен келісіп барып қана азан шақырғанын айта кету керек. "Ол іс-шара бағдарламасында қарастырылғандықтан азан шақырды. Яғни, діни ұйымдардың өкілдері өз діндерінен бір нәрсе көрсетуі тиіс болатын. Азан намазға шақыру болғандықтан таңдадық",- деп айтылған мүфтият түсініктемесінде.

{youtube}urZvm-ixn5o{/youtube}

Islam.kz

 

 

Поделиться: